СКО-ның ауыл әкімдері елді мекендердің дамуын Президентпен талқылады

СКО-ның ауыл әкімдері елді мекендердің дамуын Президентпен талқылады

Солтүстік Қазақстан облысының 149 ауыл әкімі Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы» форумына қатысты. Мемлекет басшысы ауылдық аймақтарды дамытудағы негізгі міндеттерді айқындап, жергілікті әкімдердің жұмысын ерекше маңызды деп атап өтті.

Мемлекет басшысы: «Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші.Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше.»

Бүгінгі таңда елімізде 2 334 ауыл әкімі жұмыс істейді, оның ішінде 186-сы біздің өңірде. Олар күн сайын халықпен тікелей байланыста болып, ауылдағы өмір сапасын жақсарту бағытында жұмыс атқарып келеді.