Қытай Халық Республикасындағы ресми сапар Синьцзян-Ұйғыр автономды аймағының Үрімші қаласында жалғасты

Қытай Халық Республикасындағы ресми сапар Синьцзян-Ұйғыр автономды аймағының Үрімші қаласында жалғасты

Бағдарлама аясында Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған делегация СҰАА халық үкіметінің басшылығымен ресми кездесу өткізді. Екі өңір арасындағы бауырлас өңірлер қатынастары туралы келісімге қол қою жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Үрімші қаласында «СҚО – Синьцзян-Ұйғыр автономды аймағы»  іскерлік дөңгелек үстел және B2B-кездесулер өтті,  екі өңірден жиналған 50-ден астам кәсіпкер қатысты.

Бүгінгі таңда өңірімізде сүт бағытындағы мал шаруашылығы белсенді дамуда. Заманауи мегафермалар салынып, инновациялық технологиялар еңгізілуде. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайту және өндірісті өңірімізде локализациялау мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында  өңірлік делегация ірі сүт өнімдері холдингі China Mengniu Dairy Group компаниясының жұмысымен танысты.

Қытай мен Солтүстік Қазақстан облысы арасындағы тауар айналымы 2,2 есеге артты.

Қытай Халық Республикасы біздің өңір үшін стратегиялық маңызды серіктес болып табылады. 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Қытаймен тауар айналымы 129 млн АҚШ долларын құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе өсті.  Ендігі мақсат екіжақты байланыстарды одан әрі  нығайтып, серіктестік салаларын кеңейтіп, қос елдің одан  дамуы үшін жағдай жасау.