
Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған делегацияның ресми сапары аясында СҚО Инвесторларға қызмет көрсету орталығы мен Цзянсу провинциясының Нанкин қаласындағы ірі мемлекеттік холдингтік компания Jiangsu SOHO Holdings Group арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Стратегиялық құжат бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған.
Сондай-ақ СҚО Инвесторларды қолдау орталығының ашылды. Алдағы уақытта өңірімізде өндірілетін өнім Қытай нарығында ұсынылатын болады, бұл Солтүстік Қазақстан экспорттаушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. SOHO алаңында қытайлық бизнес өкілдерімен кездесу өтті.
Янчжоу қаласында СҚО делегациясы FAMSUN Group Co., Ltd. президенті Ричард Фанмен, сондай-ақ Myande Group Co., Ltd. президенті Ксю Бинмен және SUMEC International Technology басқарма төрағасының м.а Ху Хайцинмен келіссөздер жүргізді. Кездесуде құрама жем өндірісіне арналған жабдық, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша өндірісті СЭЗ аумағында локализациялау перспективалары қарастырылды.