Әкімдіктің отырысында өңірдегі  спортты дамыту және «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының дамуы мәселелері қаралды

Әкімдіктің отырысында өңірдегі  спортты дамыту және «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының дамуы мәселелері қаралды

Аталған қос бағыт та ерекше бақылауда, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда.

Соңғы үш жылда сала елеулі серпін алды: қаржыландыру 24%-ға өсіп, 37 млрд теңгеден асты. Осылайша облыс бойынша 108 спорт нысанын салынды.

Жергілікті аграрилер өз қаражаттары есебінен ауыл тұрғындары үшін спорт нысандарын салуда. Биылғы жылы шамамен 1 млрд теңге сомасындағы жобалар іске асырылды.

«Облыс үшін үш стратегиялық маңызды спорт нысанының құрылысын бастау жоспарланған:

• коньки тебу жолы мен хоккей алаңдары бар көпфункционалды мұз аренасы;

• 50 метрлік олимпиадалық бассейні бар әмбебап спорт кешені;

• 5 000 орындық жабық футбол аренаcы және футбол академиясы. Бұл жобалар кәсіби спортшыларды жүйелі дайындау, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және чемпиондарды дайындау үшін негізгі алаңға айналады.»,- деді өңір басшысы

Қаралған келесі сұрақ- «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының дамуына қатысты болды. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақ тұрақты оң динамика көрсетуде. Аумағы 510 гектарға ұлғайып, екі  ауданда қосымша субзона аймақтар ашылды.

3 субзона аймағына инженерлік инфрақұрылым салу үшін 9,6 млрд теңге бөлінді. Бұл жаңа өндірістерді орналастыруға және инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша спорт нысандарының құрылысын тұрақты бақылауда ұстау, тұрғындарды спортқа тартуды арттыру , жаңа және қолданыстағы қосалқы аймақтарына инженерлік инфрақұрылымды жедел жеткізу, жаңа қосалқы аймақтарға инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыру, сондай-ақ барлық инвестициялық жобаларды – құрылыс мерзімдерінен бастап өндіріс көлемі мен құрылған жұмыс орындарына дейін жүйелі түрде бақылауды тапсырылды.