«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында облыста тағы бір «Жас сақшылар» сыныбы ашылды

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында облыста тағы бір «Жас сақшылар» сыныбы ашылды

Салтанатты шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Бұл бастама жасөспірімдерді отансүйгіштікке, жауапкершілікке, тәртіпке және заңды құрметтеуді үйрететін маңызды жоба болып табылады.

«Жас сақшы» сыныбы оқушыларға құқық негіздерін терең меңгеруге, полиция қызметінің ерекшеліктерімен жан-жақты танысуға, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздіктің қалай қамтамасыз етілетінін түсінуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Петропавл қаласы мен Шал ақын ауданында үш  «Жас сақшылар» сыныбы жұмыс істейді. Онда 7–8-сыныптың 70 оқушысы білім алуда.