
Іс-шара ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мырзаның қолдауымен ұйымдастырылды.
Форумға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған іскерлік делегация өкілдері қатысты. Жалпы екі жақтың 100-ден астам бизнес өкілі жиналып, жаңа іскерлік байланыстар орнату төңірегінде ой өрбітті.
«Бүгінде Қытаймен түрлі салада серіктестік қарым-қатынастарды белсенді дамытып келеміз. ҚХР біз үшін маңызды экономикалық серіктес және сенімді инвестор болып табылады. Өңіріміздің екі ауданында субаймақтар іске қосылды. Олардың бірі Тайынша ауданында орналасқан, қытайлық инвестицияларды тартудың орталығына айналды. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау – біздің басымдықтарымыздың бірі болып қала бермек»,- деді облыс әкімі.
🔹Ағымдағы жылдың алғашқы сегіз айында Солтүстік Қазақстан облысының Қытаймен тауар айналымы 105 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
🔹Іс-шара аясында «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» экспозициясы, СҚО-ның жетекші ауыл шаруашылығы өңдеу, кен өндіру және машина жасау кәсіпорындарының көрмесі ұйымдастырылды. Одан бөлек, қос тараптың 70 ірі компаниясының қатысуымен іскерлік кеңес өтті. Сондай-ақ екі ел кәсіпкерлерінің арасындағы B2B кездесулер сериясы ұйымдастырылды. Бұл келіссөздер қытайлық серіктестерге өңіріміздің әлеуетін жақынырақ танып, өзара ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.