
Жұмыс сапары аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетовпен бірге жергілікті елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған қорғаныс нысандарын қайта жаңғырту жұмыстарының барысын бақылады.
Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанда тұрақты түрде техникалық қадағалау бар, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына айрықша назар аударылуда.