
Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданына барды.
Аудан тұрақты өсім қарқынын көрсетіп, инвестициялық жобаларды белсенді жүзеге асырып келеді және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Биыл ауданда 6 инвестициялық жоба іске қосылды. 2026 жылға дейін жалпы сомасы 25 млрд теңгеден асатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Өңірдегі кран-балка өндіретін жалғыз зауыт та Қызылжар ауданында орналасқан. «RM Stone» ЖШС екі жылдан астам уақыт бойы жүк көтергіш құрылғыларды, металл конструкцияларды және құйма бұйымдарын шығарып келеді. Кәсіпорын әлеуметтік жауапкершілік аясында келесі жылы Бескөл ауылындағы саябаққа қайта жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр.
Бескөл ауылында биылғы жылдың соңына дейін 50 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, тұрғын үйдің 70%-ы әлеуметтік осал топтарға арналған.
Инфрақұрылымды дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Соколов топтық су құбырының су тарату желілерінің құрылысы барысымен таныстым. Жұмыстарды аяқтау биылға жоспарланған. Нысан іске қосылған соң ауданның 5 елді мекені сапалы ауызсумен қамтылады.
Цифрландыру үдерісі ауданда мектеп қабырғасынан бастау алып жатыр. №2 Бескөл орта мектебінде әрбір оқу пәнінде жасанды интеллект элементтері қолданылады. Бұл балалардың заманауи білім мен дағдылар алуына жол ашып отыр.
360 жылдан астам тарихы бар Вагулино ауылында «СК Вагулинское» ЖШС ауылды дамыту мен тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға белсенді қатысуда. Келесі жылы фельдшерлік-акушерлік пунктке күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Ауылда 27 бейнебақылау камерасы орнатылып, орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылған.
Жұмыс сапары аясында өңір басшысы облыстың құрметті азаматы Мария Алексеевна Батаевамен, еңбек әулеттерімен, ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен және аудан тұрғындарымен кездесті.