
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Қазан қаласындағы ұлы қазақ жазушысы және ойшылы Абайға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Осы күндері Татарстанда Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері өтуде. Қазанның Кремлінде:
-«Мағжан Жұмабаев»;
-«Ботай - Ұлы дала мәдениеті»;
-«Литературный небосклон Казахстана» атты көрмелер ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, шара аясында «Sensitiv» би театрының масстер-классы өтті.
Қ.Тинчурин атындағы Татарстан мемлекеттік драма және комедия театрында Ақан Серы атындағы облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы ұйымдастырған «Мағжан елінен – Қазан төріне» атты гала-концерт өткізілді.
Ақан Серы атындағы облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы дайындаған «Мағжан елінен – Қазан төріне» атты гала-концерті
Татарстан Республикасы, Қазан қаласы