Татарстан мен СКО арасындағы әріптестік меморандумдары: цифрландыру, инновациялар және бизнес-серіктестіктер

Татарстан мен СКО арасындағы әріптестік меморандумдары: цифрландыру, инновациялар және бизнес-серіктестіктер

«Мемлекет басшысы цифрландыру мен жасанды интеллектіні  үш жыл ішінде негізгі салаларға енгізу міндетін қойған болатын. Татарстан цифрлық трансформация мен инновация саласындағы көшбасшы  өңір ретінде осы бағытта маңызды серіктес болмақ. IT саласында жұмысты жандандыру мақсатында Башир Рамеева атындағы IT-парк пен жергілікті SKO hub, Қазан Федералды университеті мен М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл келісімдер бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, IT-секторды дамытуға және жоғары білікті мамандарды даярлауға жаңа мүмкіндіктер туғызады.»,- деді облыс әкімі.

Бизнес-бастамалар мен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Татарстанның Инвестициялық даму агенттігі инвестициялар тарту мен бизнесті қолдау саласында үлкен нәтиже көрсетіп отыр.

«Біз бұл тәжірибені «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында қолдануды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жергілікті  өнімдерді  «Қазан» агропроөнеркәсіптік паркіне жеткізу жөнінде келісімдерге қол қойылды. Бұл шаралар экономикалық байланыстарды нығайтып, өңіріміздің брендтерін халықаралық нарықта шығаруғп ықпал етеді.»,- атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.

Одан бөлек бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды:

-СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен Татарстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы келісім;

-Татарстан Республикасының Мәдениет министрлігі мен СҚО  әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы арасында;

-«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы мен «Химград» акционерлік қоғамы арасындағы келісім;

-EMC Agro компаниясы мен «Таврос» КТ арасында;

-«Авагро» ЖШС мен «Гидроторг» ЖШҚ арасындағы келісім;

-Инвесторларға қызмет көрсету және инновацияларды қолдау орталығы мен «Данафлекс-НАНО» ЖШҚ арасындағы келісім;

-«Радуга» ЖШС мен «Болашақ» ЖШҚ арасындағы келісім.

СҚО мен Қазан қаласының 100 ден астам  кәсіпкерлері B2B форматындағы кездесуде мәселелерге нақтырақ тоқталды. Өндірістік әлеуетті тереңірек зерделеу мақсатында СҚО делегациясы «Қазан май комбинаты», «Химград» технопаркі, Башир Рамеева атындағы IT-парк және Қазан қаласының спутнигі саналатын Иннополис қаласын аралады.