Солтүстiктегi Абайдың бейнесi

Солтүстiктегi Абайдың бейнесi

Әлеуметтiк желiлердегi парақшада облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Абайдың қоғамада алар орны туралы пост жазды.

«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мiнез деген нәрселермен озбақ».

Бұл Ұлы Абайдың 18-шi қара сөзi. Ұлы ғұламаның ұлағатты сөздерi бүгiнгi қоғамда да өзiнiң өзектiлiгiн жоғалтқан емес. Абайдың әр нақыл сөзi — тұнып тұрған философия, терең ой жатыр. Бiртуар тұлға қара сөздерiнде баршамызды «адам болуға» шақырады. Абайдың мұрасы халқымызға рухани тәрбие бередi, жастардың үйренерi мол.⠀

Ақиық ақынның шығармалары — өшпес мұра. Абай баршамызға рухани бағдар сияқты. Бiзге көрсетiп кеткен «таза жолмен» жүрсек, қоғам мен мемлекетiмiз дамып, кемелденедi. Сауатты әрi тәрбиелi ұлтты қалыптастырамыз.⠀

Қаламызда Абайдың суретi бейнеленген үлкен туынды арқылы ақиық ақынымызды ұлықтап отырмыз. Ағартушының сөздерiн бiз естен шығармауымыз керек. Осы жерден өткен кезде оның өлеңдерi мен қара сөздерiн еске түсiрген абзал», — деп жазды өңiр басшысы