9 айдың даму қорытындылары

9 айдың даму қорытындылары

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен әкімдіктің отырысы өтіп, оның барысында 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.

Облыс экономикасы 12,6%-ға өсті.

Тұрақты өсім негізгі салалар бойынша байқалады:

▪️ Құрылыс – +27,3%

▪️ Сауда – +12,0%

▪️ Өңдеу өнеркәсібі – +19,3%

▪️ Ауыл шаруашылығы – +10,1%

▪️ Тұрғын үйдің құрылысы – +2,8%

▪️ Инвестициялар – +10,4%

9 ай қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды, алайда жұмыс қарқынын төмендетуге болмайды, деді өңір басшысы. Одан бөлек, Үкімет бекіткен экономиканың 6,5% өсу жоспарын орындауды қамтамасыз ету қажет. Облыс әкімі  тиісті басқармаларға, аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жиында барысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде барлық салаларда, соның ішінде денсаулық сақтау саласында цифрландыру элементтері енгізілуде.

Соңғы екі жылда өңірде 60 медициналық нысан жаңартылды, 600-ден астам заманауи техника мен құрал-жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар, 32 мекемеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдық жерлерде 46 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды.

«Біз материалдық-техникалық базаны нығайтып жатырмыз, алайда бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет. Аймақтың ауылшаруашылық құрылымдарын бұл іске белсенді тарту маңызды. Кәсіпкерлердің өз қаражаттарын ауылдарды дамытуға, соның ішінде денсаулық сақтау саласына салған оң үлгілері бар. Биыл жылдың соңына дейін 21 арнайы көлік сатып алынады, алайда бұл жеткіліксіз. Келесі жылдың соңына дейін санитарлық көлік қажеттілігін толық жабу қажет», — деп атап өтті облыс әкімі.

Жылыту маусымы басталғаннан бері бері облыста 28 өрт оқиғасы тіркелді. Негізгі себеп – өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау талаптарының бұзылуы. Облыс әкімі жауапты қызметкерлерге алдын алу жұмыстарын күшейтуді және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.