
Жұмыстар Заречный кентінде биылғы жылдың басында басталған болатын, ұзындығы - 4,8 шақырымды құрайды. Биылғы тасқын уақытында арнаның тиімділігі көрінді.
Бүгінгі таңда үш су өткізу құрылысының құрылысы толық аяқталуға жақын. Олардың екеуі бау-бақша аумақтарына кедергісіз қатынауды қамтамасыз етсе, үшіншісі электр жеткізу желісін қызмет көрсетуге арналған.
Одан бөлек, қыркүйек айында «Жемчужная весна» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары өңір басшысының жеке қабылдауы барысында жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде өтініш білдірген болатын. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуд, қарашаның 10-на дейін толық аяқталмақ.