Өңір басшысы Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті ұйымдастырған Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға  қатысты

Өңір басшысы Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті ұйымдастырған Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға  қатысты

Тәуелсіз Қазақстанның ең басты жетістіктерінің бірі – тұрақтылық пен қауіпсіздік. Бұл бағыттағы айрықша еңбекті халықтың тыныштығы мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында абыроймен қызмет атқарып жүрген құқық қорғау органдарының қызметкерлері атқарып келеді.

«Бұл іске қоғамда заң үстемдігін нығайтуға және құқық қорғау жүйесіне сенімді арттыруға бағытталған Мемлекет басшысының бастамалары үлкен мәнге ие. «Заң және тәртіп» пен «Адал азамат» тұжырымдамалары — ашықтық, әділдікті сияқты мемлекеттік басты құндылықтарды көрсетеді. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл кадрлық әлеуетті арттыруға, қызмет көрсету жағдайларын жақсартуға және бөлімшелердің жұмыс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.»,- деді өңір басшысы.

Салтанатты жиын барысында қызметтік борышын адал орындап, жоғары кәсібилік танытқан бірқатар қызметкерге облыс әкімі құрмет грамоталарын табыстап, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі еңбектері үшін алғыс білдірді.