
⚜️Мемлекет басшысының Жарлығымен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені
«Мәмбетов және К» КС механизаторы Қаражұманов Мұрат Кеңесұлына берілді.
Мұрат Кеңесұлы – маңдай терін туған жердің игілігіне арнаған нағыз еңбек адамы. Ол – еңбекті қадір тұтқан, диқаншылықты өмірінің мәніне айналдырған үлкен әулеттің лайықты өкілі. Мамлют ауданының тумалары Қаражұмановтар әулетінің жалпы еңбек өтілі 600 жылдан асады. Бұл – табандылықтың, еңбекке адалдықтың және туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің айғағы.
⚜️Сондай-ақ, Аққайың ауданының «Дайындық Агро» ЖШС бас агрономы Сағандықов Азамат Айтоллаұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Сағандықовтар әулеті – ауыл еңбегінің нанын білген, адалдық пен табандылықты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген отбасы. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 110 жылдан асады.