Республика күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тұсаукесер рәсімі өткізілді

Республика күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тұсаукесер рәсімі өткізілді

Тұсауды ел ішінде сыйлы, көпке өнеге болар азамат кеседі - бұл баланың өмірі де сол кісілердей жарық, жолы ашық болсын деген ырым. Осы дәстүрден жаңылмай, бүгін бүлдіршіндеріміздің тұсауын өңірімізге еңбегі сіңген, көпшілік құрметтейтін танымал тұлғалар арнайы келіп кесті.

«Қазақ халқы баланы - аманат, ұрпақты - ұлттың ертеңі деп бағалаған. Бала ешқашан «жат» саналмаған. Бұл ұстаным бүгін де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Бүгінде сан ұлт өкілі тату-тәтті тіршілік кешіп жатқан Қазақстанда да біз үшін бөтен бала, жат тағдыр жоқ. Бұл балалар - еліміздің ертеңі. Бірі - болашақ дәрігер, мұғалім,  енді бірі- инженер, білімнің көшбасшысы болар.

Әрбір балапанның қадамы сәтті болып, жолы ашық, болашағы жарқын болсын! Бұл бастама өңірімізде тұрақты әрі игі дәстүрге айналады деп сенемін.»,- деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.