Облыста сүттi қайта өңдеу үлесi 50%-ға дейiн өседi

Облыста сүттi қайта өңдеу үлесi 50%-ға дейiн өседi

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов «Маслодел» зауытындағы жаңа желiнi iске қосу жұмыстарымен танысты.

«Маслодел» желтоқсан айында жаңа желiнi iске қосады. Қуаттылығы 32 мың тонна. Инвестиция көлемi 4,8 млрд.тг. 85 адам жұмыспен қамтылады.

Зауыттың қуаттылығы 88 мыңнан 120 мың тоннаға дейiн өспек.

«Маслодел» зауыты 70 өнiм түрiн шығарады. Қосымша желiнiң арқасында 8 жаңа өнiм түрi нарыққа шығады.

Қазiр облыста сүттiң 46% қайта өңдеймiз. Жаңа желiнiң арқасында бұл көрсеткiш 50% жетедi.

«Бүгiнгi таңда облыс iрiмшiкпен өзiн 31% қамтамасыз етедi. Қазiр жылына 600 тонна өндiремiз. Жылдық сұраныс — 1700 тонна. Бұл дефициттi бiз «Молочный Союз» зауытының жаңа желiсi iске қосылған кезде жабамыз. Жаңа желi жылына 2500 мың тонна iрiмшiк түрлерiн шығаруға мүмкiндiк бермек. Өңiр нарығы iрiмшiкпен 100% қамтамасыз етiледi», — дедi Құмар Ақсақалов.