🍞16 қазан - Халықаралық нан күні
Нан - ғасырлар бойы адам өмірінің, ырыс-береке мен молшылықтың нышаны саналып келеді. Қазақ халқы үшін ол – ас атасы, ал оның қадірі мен қасиеті әрдайым айрықша құрметпен бағаланған
Солтүстік Қазақстан облысы - еліміздің агроөнеркәсіп кешеніндегі жетекші өңірлердің бірі ретінде, жыл сайын мол өнім жинап келеді. Бұл - өңіріміздің құнарлы жерлері, заманауи технологиялар мен білікті мамандардың кәсіби еңбегінің нәтижесі.
Еңбек майданында аянбай тер төгіп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген барлық аграрийлерге, механизаторлар, наубайшыларға және өңдеу саласының мамандарына шексіз алғысымды білдіремін. Сіздердің адал еңбектеріңіз - халқымыздың тыныштығы мен өркендеуінің кепілі.
Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға мол бақыт пен береке тілеймін.