Сапар аясында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен, Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.
Жиын барысында ауылдардың цифрландыру процесіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы атап өткендей, инфрақұрылымды дамыту және агроөнеркәсіптік кешенге заманауи технологияларды енгізу – экономиканың тұрақты өсімі мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облысы – аграрлы өңір. Өңірде 590 ауыл бар, 210 мыңнан астам адам тұрады. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауылдық жерлерде тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде: жаңа тұрғын үйлер салынып, мектептер, медициналық мекемелер мен спорттық нысандар ашылып жатыр. Сонымен қатар агроөнеркәсіп саласына заманауи технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Бұл ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып қана қоймай, ауылдарды нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.
Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер аясында ауыл инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.