Кездесу барысында аймақ басшысы еліміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
«Ел тарихының әр кезеңінде аянбай еңбек етіп, өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан бұл азаматтардың өмір жолы - бүгінгі жас ұрпаққа үлгі, ұлт рухының тірегі. Халқымызда «Қариясы бар үй - қазыналы үй» деген ұлағатты сөз бар. Аға буын өкілдері әрдайым қоғамдық өмірге белсене араласып, ұрпақтар сабақтастығын сақтап келеді» , – деді өңір басшысы.