Өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Облыста бұл міндеттер кешенді әрі жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Барлық бастамалардың негізі – «Заң және тәртіп» ұстанымы.»,- деді өңір басышы Ғауе Нұрмұхамбетов. 

Зардап шеккендерге психологиялық және құқықтық көмек көрсету мақсатында өңірде дағдарыс орталықтары мен кеңес беру пункттері жұмыс істейді. Жүйелі профилактика аясында  «Адал азамат» бағдарламасы мен буллингтің алдын алуға бағытталған пилоттық жобалар іске асырылуда, цифрлық құралдар мен жасанды интеллект элементтері бар сервистер кеңінен қолданылуда. Бейнебақылау жүйесі кеңейтіліп, бейнедеректерді интеллектуалды талдау технологиялары енгізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.