М.Жұмабаев ауданында егіс алқаптарының 55 % жиналды

М.Жұмабаев ауданында егіс алқаптарының 55 % жиналды

Облыс әкімі  Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапары аясында М. Жұмабаев ауданына барып, орақ науқанының барысымен танысты. Бүгінгі күні жалпы көлемі 419,2 мың гектар егіс алқаптарының 55 % жиналды.

Ауданның аграриилері заманауи технологияларды белсенді түрде енгізуде. Егіс алқаптарының 75 %-нда  ауа райын бақылау жүйелері, топырақты талдауға арналған датчиктер мен жасанды интеллект элементтері қолданылып жатыр. Бұл жұмыстардың дәлдігін арттырып, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

«Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы мамандардың еңбек жағдайына ерекше көңіл бөлінуде. Техника жаңартылып, еңбек ету мен  ауылды жерде өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасалуда. Жұмысшы мамандықтарды қолдау  - біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі.»,- деді өңір басшысы.