Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қызылжар ауданына барып, Тепличное, Прибрежное және Бескөл ауылдарындағы бөгеттердің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда нысандарда құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
«Аталған шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқыны қаупінің алдын алу үшін аса маңызды. Жұмыстың сапасы мен мерзімінің сақталуына ерекше мән беру қажет.»,- деді өңір басшысы.
Сонымен қатар облыс әкімі Универсальная көшесіндегі жол өткелінің құрылысымен де танысты. Аталған нысан көлік инфрақұрылымын дамыту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру тұрғысынан маңызды жоба. Құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде, сападан ауытқымай аяқтау міндеттелді.