СҚО әкімі азаматтарды қабылдады

СҚО әкімі азаматтарды қабылдады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Amanat» партиясының СҚОФ-да азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Кездесу барысында облыс тұрғындары бірқатар өзекті мәселені көтерді. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тізімдерін бірыңғай мемориалдық кешенге көшіру, автомобиль жолдарын қалпына келтіру,  үйлерді сүру, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді жөндеу мәселелері қозғалды.

Аймақ басшысы жауапты мемлекеттік органдарға азаматтарды қабылдауда көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты ұсыныстар енгізуді және оның орындалуын қадағалауды тапсырды.