Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды жеке қабылдау өтті. Қабылдауды облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кенесов «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында жүргізді.
Қабылдауға 24 тұрғын қатысты. Олар аулаларды абаттандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үйлерді жөндеу және инженерлік желілерге қатысты мәселелерді көтерді.
Барлық өтініштер бойынша түсініктемелер беріліп, бірқатар мәселелер тиісті басқармалардың бақылауына алынды.