Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің өңірлерінде егін жинау науқанының барысына арналған кеңес өтті.
🔹 2025 жылы егін жинау алқабы 4,3 млн гектарды құрады. Бүгінгі таңда 1,13 млн га немесе дәнді-бұршақ дақылдары алқабының 40%-ы жиналды. Шамамен 2 млн тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 16,5 центнерді құрап отыр.
✅ Аграрлық сала өкілдеріне айтарлықтай қолдау көрсетілді. АӨК-де жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 150 млрд теңгеге жетті. Өнімділікті арттыру мақсатында 340 мың тонна тыңайтқыш сатып алынды, 52,5 мың тонна элиталық тұқым себілді, тұқым жаңарту деңгейі – 11,2%.
🔹 Күзгі дала жұмыстарына 68,6 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны, астық пен майлы дақылдарды кептіруге 14,1 мың тонна отын бөлінді.
🔹 Облыстағы астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 7 млн тонна, 500 мың тонна жаңа өнім сақтауға қабылданды.
🔹 Президент жасанды интеллектіні енгізу жұмысын күшейтуді тапсырды. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірде белсенді түрде жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтері өндірістің барлық кезеңінде қолданылуда. Атап айтқанда: ауыл шаруашылығы техникасына GPS-навигация мен автопилот жүйесін енгізу, дрондар мен егіс алқаптарының цифрлық карталарын пайдалану, малдың жағдайын бақылау жүйелері, азықтандыру, өсімін молайту және микроклиматты басқаруды автоматтандыру.
📍Аталған шаралар агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына, өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға және ауыл халқының жұмыспен қамтылуын арттыруға ықпал етеді.