Кездесу барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы өзара ынтымақтастықтың әлеуеті талқыланды. Қытайлық тарап Тайынша ауданында астықты қайта өңдейтін зауыт салып, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бағытында жұмыс жасауға мүдделі.
Қытай – Қазақстанның стратегиялық әріптесі. Осындай ауқымды жобаларды бірлесіп іске асыру өңір экономикасын дамытуға, инвестициялар тартуға, экспорттық инфрақұрылымды жетілдіруге және жаңа жұмыс орындарын ашуға серпін береді.
Сонымен қатар тараптар жасанды интеллект технологияларын ауыл шаруашылығы саласына енгізу бойынша ынтымақтастық орнату мәселесін талқылады.