«Наталья Богданованы бокстан әлем чемпионатындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Жерлесіміз халықаралық аренада Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, әлем чемпионы атағын иеленді. Наталья біздің облыстан шыққан алғашқы әлем чемпионы. Оның бұл жетістігі — барша халқымыз үшін үлкен мақтаныш. Жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілеймін!»,- деді өңір басшысы.