Жұмыс сапары аясында Ғауез Нұрмұхамбетов Жамбыл ауданындағы егін жинау жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда 312,4 мың гектар егіс алқабының 35%-ы жиналды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер заманауи агротехнологияларды тиімді қолданып, өнімді жоғары қарқынмен әрі сапалы жинауда.
Сонымен қатар, ауданда жаңа сүт-тауар фермасын іске қосуға дайындық жүргізілуде. Жобаның бірінші кезеңі 400 бас ірі қара малға арналған, жылдық қуаттылығы – 2 200 тонна сүт. Осындай көлемдегі екінші ферма келесі жылы іске асырылмақ.
Сапар барысында облыс әкімі ұзындығы 63 км болатын Мамлютка – Қостанай автожол учаскесіндегі жөндеу жұмыстарының сапасын да тексерді. Бүгінде жұмыстардың 50%-ы орындалды. Нысанда техникалық қадағалау жүргізілуде. Жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында техникалық қадағалауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.