Солтүстiктiң фанерасы нарыққа шығады

Солтүстiктiң фанерасы нарыққа шығады

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов фанера комбинатына барды. Қазiр кәсiпорында қондырғыларды қосу жұмыстары жүргiзiлуде. Жобаны Түркиялық инвесторлар жүзеге асыруда. Жобаға 1,8 млрд.тг бағытталды. 150 адам жұмыспен қамтылады.

«Жылына кәсiпорын 18 мың текше метр дайын өнiм шығармақ. Кейiн 27 мыңға дейiн өсiредi. Өнiмнiң жартысы Түркия, Европа мен Өзбекстанға жөнелтiледi. Қазiр елiмiзде 90 мың текше метр фанера сырттан әкелiнедi. Бiз бұл көлемнiң 30% жаба аламыз», — дедi Құмар Ақсақалов.