Халықпен ашық диалог: облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Халықпен ашық диалог: облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындарды жеке қабылдап, олардың көкейкесті сауалдарын тыңдады.

Қабылдау барысында тұрғын үй алу кезегі, көпқабатты үйлер құрылысының сапасы мен құрылыс нормаларының сақталуы, сондай-ақ су тасқынының алдын алу мен оны болжау мәселелері көтерілді.

Әрбір өтініш бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын қатаң бақылауға алуды міндеттеді.