Өңір ұстаздарының еңбегі мемлекет деңгейінде жоғары бағаланды

Өңір ұстаздарының еңбегі мемлекет деңгейінде жоғары бағаланды

Қалалық  №4 орта мектептің мұғалімі Шолпан Әблемова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын Мемлекет басшысының қолынан алды.

Қалалық М. Айтхожин атындағы №1 мектептің тарих пәні мұғалімі Вадим Кузурман «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

🔹 Кеңес барысында бірқатар ұстаздар мамандыққа деген адалдығы, кәсіби шеберлігі мен жас ұрпаққа қосқан үлесі үшін  Алғыс хаттарымен марапатталды.

🔸 Сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі жұмысшы мамандық иелерінің еңбегі де лайықты түрде атап өтілді. Олардың күнделікті тынымсыз қызметі білім беру процесінің тұрақтылығы мен жайлы орта қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.