Мемлекет Басшысының Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының қос бірдей ұстазы жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды.
⚜️Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің мұғалімі Шолпан Бақытқызы Әблемоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді. Ұстаз білім беру саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі жоғары ағаланды.
⚜️М. Айтхожин атындағы №1 мектептің тарих пәні мұғалімі Вадим Александрович Кузурман «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды. Оның жалпы педагогикалық өтілі 33 жылдан асады.