Премьер-Министрдің орынбасары СҚО-дағы маңызды нысандарды аралады

Премьер-Министрдің орынбасары СҚО-дағы маңызды нысандарды аралады

Оқу орны Almaty Management University сенімді басқаруына берілген. 

Бүгінде колледжде 378 студент сұранысқа ие бағыттар бойынша білім алуда. Атап айтқанда: ақпараттық технологиялар, туризм және гид-аударма ісі. Оқу үдерісі еңбек нарығының қазіргі талаптарына толық сай, тәжірибеге бағытталған түрде ұйымдастырылған.

📍 Сапар аясында Kozybaev University университетінде де болды. Мұнда студент жастармен жүздесіп, оқу барысымен танысты. Сонымен қатар, 1 200 орынға арналған жаңа студенттік жатақхана кешенін аралады. Бұл – өңірдегі ең ауқымды студенттер үйі. Заманауи талаптарға сай салынған жатақхана әр өңірден және шет елдерден келген студенттер үшін барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етілген.