Аталған іс-шараға Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген ғылым, мәдениет және өнер саласының беделді өкілдері, сондай-ақ шығармашылық интеллигенция мүшелері қатысты. Кездесу аясында қатысушылар мәдениетаралық ынтымақтастық, ұлттық мұра мен заманауи өнердің өзара байланысы, сондай-ақ шығармашылық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері жөнінде өзара пікір алмасты.
🔹Кездесуге СҚО әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев өнір жетекшісінің атынан симпозиумға қатысушыларға алғыс білдіріп, мәдени шараның маңыздылығын атап өтті.
Шара соңында симпозиум қонақтарына естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар табысталды.