
📌 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында тұрғындар өмір сапасын жақсарту мен абаттандыру мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтарын қоя алды.
Көтерілген мәселелердің қатарында — Ақжар ауданына қарасты Горьковское ауылында ФАП салу, Солнечный-2 шағын ауданын және Ибраев көшесі, 21 мекенжайындағы аула аумағын абаттандыру, сондай-ақ спорт пен білім беру саласындағы түйткілдер мен тұрғын үй мәселелері болды.
Кейбір сұрақтар қабылдау барысында жедел шешімін тапты. Қалған өтініштер бойынша облыс әкімі жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.