Өңір басшысы жұмыс сапары аясында Қызылжар ауданындағы құрылыстың барысымен танысты. Тепличное және Прибрежное ауылдарында бөгеттерді күшейту жүргізілуде. Бөгеттердің жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайды, ал олардың биіктігі өткен жылдардағы су тасқыны деңгейінен 1,5 метрге жоғары болмақ.
«Нысандардың сапасына үлкен назар аударылатын болады. Бұл ретте аудан басшылығына жұмыстардың сапасына қатаң бақылау жүргізуді тапсырдым. Петропавл қаласында да бөгеттерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Қала әкімдігіне Ущева бөгетін абаттандыру, серуендеге арналған жол жасау тапсырылған болатын.»,- деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Универсальная көшесіндегі көпірдің құрылысымен танысты. Нысанның іске қосылуы, Қараванная көшесіндегі көлік ағынын азайтуға, теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, одан бөлек облыс орталығына кіретін тағы бір жол ашылады.