2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының басталуына аз уақыт қалды. Солтүстік өңірдің негізгі жүктемесі Петропавл қаласына түсетіні белгілі. Өңір басшысы Петропавл ЖЭО-2 нысанында болып, жөндеу жұмыстарының барысын қарап, жиналыс өткізді.
«Жылыту маусымына дайындық мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Президент Петропавл ЖЭО-2-дегі жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтауды, сондай-ақ жылумен және электр энергиясымен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуды қамтамасыз етуді тапсырды», -дейді өңір басшысы
Атқарылған жұмыстар:
№2 турбагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді;
теміржол жолдарына күрделі жөндеу аяқталды;
№1 және №4 қазандық агрегаттары, сондай-ақ №6 турбагрегат ағымдағы жөндеуден өтті.
Жүріп жатқан жұмыстар:
№2 қазандық агрегатын қайта жаңғырту;
№3 және №11 қазандық агрегаттары мен №6 турбагрегатқа күрделі жөндеу;
негізгі және қосалқы жабдықтарды регламенттік жөндеу.
Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі таңда жалпы көлемнің 60%-дан астамы орындалды. Бұл алдағы маусымды тұрақты әрі үзіліссіз өткізуге негіз болады.
«Жаңа мұржа пайдалануға қыркүйек айының соңында берілмек. Осылайша, 2025-2026жылдардың жылыту маусымында станцияда үш мұржа жұмыс істейтін болады»,- деді ол.
Сонымен қатар, Ғауез Нұрмұхамбетов, жылыту көздерін дайындаумен қатар, тұрғын үй қорын да мұқият әзірлеу қажеттігін атап өтті. Қала бойынша 271 көппәтерлі тұрғын үйдің жылыту жүйелерін жуу және қысыммен сынау жүргізілген. Бұл ретте қала әкіміне осы бағыттағы бақылауды күшейту тапсырылды. Барлық дайындық жұмыстары 15 қыркүйекке дейін толық аяқталуы тиіс.