Әлем кубогының иегері Наталья Богдановаға туған жерінде құрмет көрсетілді

Әлем кубогының иегері Наталья Богдановаға туған жерінде құрмет көрсетілді

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен өңірдің спорт қауымы  әлем кубогының иегері атанған белгілі боксшы Наталья Богдановаға құрмет көрсетті. Әсіресе, финалдық жекпе-жектің Астанада өтуі — ерекше символдық мәнге ие. Онда Наталья Австралиялық қарсыласын сенімді жеңіп, қазақстандық бокстың жоғары деңгейін көрсетті.

Бұған дейін де Наталья үлкен жетістіктерге жеткен — ол әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азиада чемпионы. Бұл — Солтүстік Қазақстан халқы мақтан тұтатын айтулы жеңістер!

"Бапкері Дастан Кабденовке кәсібилігі, табандылығы және өңірдегі боксты дамытуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің тандемдеріңіз облысымыздың спорттық имиджін нығайтып, жастарға күш-жігердің, табандылық пен сенімнің жарқын үлгісін көрсетуде. Жеңісті күндер алда болсын!", - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.