СҚО экономикасы тұрақты өсімді көрсетуде

СҚО экономикасы тұрақты өсімді көрсетуде

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында 2025 жылдың алғашқы 6 айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.

Алғашқы жартыжылдықта облыс экономикасының өсімі 11,8%-ды құрап, негізгі салалардағы оң динамикамен қамтамасыз етілді:

 

* Құрылыс: +26,7%  

* Сауда: +9,7%  

* Өңдеу өнеркәсібі: +18,2%  

* Ауыл шаруашылығы:  +6,3%  

* Тұрғын үйді пайдалануға беру: +7,6%  

* Инвестициялар көлемі: +19,6%

 

Отырыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі нақты тапсырмалар берді:

– инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын тұрақты бақылауда ұстау және инвестиция тарту жұмысын жандандыру;  

– ТКШ, жол және тұрғын үй құрылысы салаларындағы жобаларды толық әрі уақытында игеруді қамтамасыз ету.

 

СҚО-да сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 74 млрд теңге бағытталды

Бүгінде өңірдегі ауылдық елді мекендердің 97,5% немесе 257 мың адам тұратын 502 ауыл таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.  Дегенмен 88 ауылға тұрақты су желісі керек. 

Мемлекет басшысының 100% ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 37 ауылда орталықтандырылған су құбырларын салу жұмыстары аяқталады, топтық су құбырлары салынып,  46 ауылда  кешенді блок-модульдер орнатылады.

Үкіметтің қолдауының арқасында су жобаларын жүзеге асыруға қомақты қаржы — 74 млрд теңге бөлінді, оның 45 млрд теңгесі — арнайы мемлекеттік қордан.

Әкімдік отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдарға бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын, барлық су жобаларының уақытында аяқталуын және кейінгі үздіксіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді тапсырды.