Қала күніне орай Петропавлда «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі – 2025» атағына арналған облыстық көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті өтті. Концерт көрермендері облыс басшылығы, қоғам өкілдері, аудан әкімдері және қала тұрғындары болды.
Ауыл — ұлттың алтын бесігі. Мұнда еңбекқор да талантты адамдар тұрады. Бүгін облыстың түкпір-түкпірінен келген үздік ауылдық өнер ұжымдары вокал, хореография және аспаптық орындаушылық бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
Марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Ғабит Мүсірепов ауданы гран-при мен басты жүлде — шағын автобусты жеңіп алды.
"Бұл байқау мен гала-концерт жақсы дәстүрге айналды. Өткен жылы қайта жаңғыртылған бұл шараны жыл сайын өткізіп тұрамыз. Бұл ауыл тұрғындарының шығармашылық әлеуетін ашуға және таланттарды қолдауға мүмкіндік береді. Өнерпаз мұғалімдер, механизаторлар мен қарапайым ауыл тұрғындары ауыл мәдениетін дамытуға зор үлес қосып келеді.", — деді өңір басшысы.
Байқау өнерпаздар үшін шабыт пен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік болды. Ауыл мәдениеті дамып, өңірдің рухани өмірінде маңызды рөл атқаратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.