13 шілдеде елімізде Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтуде. Сіздердің қызметтеріңіз ең жоғары жауапкершілікті, ерлік пен Отанға адалдықты талап етеді. Сіздер мемлекеттік егемендікті, қоғамдық тұрақтылықты және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жолында тұрсыздар. Ел ішіндегі тыныштық пен тәртіпті сақтау, қауіп-қатерлердің алдын алу – сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің нәтижесі. Сіздерге сарқылмас күш-жігер, амандық пен молшылық тілеймін! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!