СҚО әкімінің өкімімен Ерболат Мұратұлы Бекшенов СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Әр жылдары Донецк ауылдық округінің әкімі, Мамлют ауданы әкімінің орынбасары, Мамлют ауданының әкімі, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы, Айыртау ауданының әкімі лауазымдарын атқарған.
Осы тағайындауға дейін «Қызылжар су қоймалары» директоры болып қызмет жасады.