
Бүгін Петропавлда Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың қатысуымен 11 бірлік өрт сөндіру техникасы салтанатты түрде табысталды.
Сондай-ақ Есіл өзенінің жағалауында су-құтқару станциясы ашылды. Жаңа нысан судағы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және жағалау аумағындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.