
Құрметті жерлестер!
Сіздерді ұлттық рух пен мәдениетіміздің асыл мұрасы — Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Домбыра — халқымыздың жаны, ата-баба аманаты. Бұл күн — ғасырлардан жеткен күй өнерін ұлықтап, ұлттық бірегейлігімізді насихаттайтын ерекше мереке. Күмбірлеген күй арқылы біз тарихымызды, салт-дәстүрімізді, халықтың терең рухани әлемін сезінеміз.
Баршаңызға өнер мен шабыт, құлақтан кіріп бойды алар әсем күй, отбасыңызға амандық, елге бірлік пен береке тілеймін. Домбырамыздың үні ешқашан өшпесін, ұлттық өнеріміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Ұлттық домбыра күні құтты болсын!