🛣 Прибрежное тұрғындарына жаңа көпір

🛣 Прибрежное тұрғындарына жаңа көпір

"Прибрежное ауылы жыл сайын су тасқыны салдарынан аралда қалып қояды.  Бұл мәселені шешудің жолы -  автокөпір салу және облыстық жолды жөндеу, ол  елді мекенді сыртқы әлеммен байланыстырып, жыл бойы көлік қатынасын қамтамасыз етпек", - деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде. 

Жобаның сараптамасы жылдың соңында шығады, ал келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады.

🪨 Бөгеттерді бетондау

Биылғы көктемгі тасқын Ущев, Былғары кенті және Биотоған бөгеттерін бетон плиталарымен нығайтудың тиімділігін көрсетті. Енді бетондау жұмыстары  Тепличное мен  Прибрежное ауылдарында жалғасады. Келесі кезең - Бескөл ауылы. Бұл қорғаныс құрылымдарының беріктігін нығайтып, елді мекендерді болашақтағы қауіп-қатерден қорғауға мүмкіндік бермек.