Бірінші көтергіш сорғы станциясы жаңартудан кейін іске қосылды

Бірінші көтергіш сорғы станциясы жаңартудан кейін іске қосылды

💧 Үкіметтің қолдауы мен «KAZ Minerals Demeu» корпоративтік қорының 2,9 миллиард теңге көлеміндегі демеушілік көмегі арқасында маңызды инфрақұрылымдық жоба – бүкіл қаланы ауызсумен қамтамасыз ететін бірінші көтергіш сорғы станциясын қайта жаңғырту сәтті жүзеге асты. Атқарылған жұмыстармен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. 

 

🔧 Қайта жаңғыртудың негізгі нәтижелері:

🔹 Су астында да тоқтаусыз жұмыс істей алатын заманауи еуропалық сорғы жабдықтары орнатылды  

🔹 Дизель генераторы ғимараттың жоғарғы бөлігінде су басудан қорғайтын деңгейде орналасты. Басқару пульті де қауіпсіз биіктікке қойылып, қашықтан басқару режимінде жұмыс істейді.

🔹 Биіктігі 4,7 метр болатын темірбетонмен күшейтілген габион бөгеті салынды  

 

⚡ Тұрақты электрмен қамтамасыз ету мақсатында: төрт әуе желісі қалпына келтірілді, сондай-ақ  жер астымен екі резервтік кабель желісі тартылды.

"Жаңартылған нысан қалалық инфрақұрылымның су тасқыны қатеріне төзімділігін жақсартып, қалалықтарды тұрақты ауызсумен қамтамасыз етпек", - деп атап өтті өңір басшысы. 

 

🔄 Резервтік су жүйесі

Заманауи жабдық енгізілгеніне қарамастан, сорғы станциясы — қаладағы ауызсудың жалғыз көзі. Су жүйесінің сенімділігін арттыру мақсатында Ойқала шағын ауданында резервтік станция салынбақ.  Бұл жоба қолданыстағы тәуекелдерді жойып, су инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.