СҚО әкімі Сенат және Мәжіліс депутаттарымен кездесті

СҚО әкімі Сенат және Мәжіліс депутаттарымен кездесті

Біздің өңірге жұмыс сапарымен ҚР Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, сенатор Әсем Рахметова, Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мамбетов пен Дмитрий Колода келіп,  өңірдің елді мекендерін аралап, тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылауда.

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Парламент депутаттарымен мазмұнды кездесу өткізді. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары қаралды. Облыста жүзеге асырылып жатқан негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар, халықты әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ СҚО үшін маңызды мәселелер сөз болды.

Депутаттар өңірде болып жатқан оң өзгерістерді атап өтіп, заңнамалық деңгейде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Бірлескен жұмыс – өңірдің тұрақты дамуының кепілі.