Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір журналистерімен кездесіп, оларды кәсіби мереке – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады. Өңір басшысы Президент атынан өңірлік БАҚ өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыстады. Бұл – олардың кәсібилігіне, жауапкершілігіне және елдің ақпараттық кеңістігін дамытуға қосқан үлесіне берілген жоғары баға.
Журналистер – билік пен қоғам арасындағы алтын көпір ретінде халыққа маңызды және өзекті ақпаратты жеткізіп, қоғамдық пікір қалыптастырады, азаматтардың сенімін нығайтады. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында облыс тұрғындары туған өлкенің жетістіктері, проблемалары мен келешегі туралы үнемі хабардар болып отырады.
"Барлық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Барша медиа қауымдастығына шабыт, креативті идеялар, жарқын материалдар және, әрине, ризашылық танытатын оқырмандар мен көрермендер тілеймін. Бірлесіп, өңіріміздің дамуына үлес қосып, ашықтықты, диалогты және қоғамдық сенімді нығайта беретінімізге сенемін", - деп атап өтті облыс әкімі.