Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, өңірдің биылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша облыс экономикасы 9,4%-ға өсті. Негізгі салаларда тұрақты өсім байқалады:
▪️ Құрылыс — +28,9%
▪️ Сауда — +12,5%
▪️ Өңдеу өнеркәсібі — +12,2%
▪️ Ауыл шаруашылығы — +7,5%
▪️ Тұрғын үйді пайдалануға беру — +7,6%
▪️ Инвестиция — +6,7%
Облыс әкімі бұл нәтижелер барлық деңгейде үйлесімді жұмыстың жемісі екенін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді:
✅ экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету
✅ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен инвесторлармен жұмысты күшейту
✅ құрылыс пен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарының орындалуын бақылау